«Таза Қазақстан» республикалық акциясы
"П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Таза Қазақстан» республикалық акция аясында сенбіліктер тұрақты өткізілуде.
Акцияның негізгі мақсаты - қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғам мүшелерінің тазалыққа деген жауапкершілігін арттыру.
Іс-шараға мекеме қызметкерлері белсене қатысып, аула аумағын тазалады.
Қоқыстар жиналып, ретке келтірілді,қоршаған ортаға ұқыпты қарау баршамызға ортақ іс.
Ұйымдастырушы: Шаруашылық меңгерушісі Қ.Қалманов





