П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Отбасы – алтын бесік" тақырыбында сынып сағаты өтті

       🔰Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес, бастауыш сынып жетекшісі Шамшатова Маржан апай оқушыларға отбасының құндылықтарын дәріптеу мақсатында "Отбасы – алтын бесік" атты тағылымды сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар отбасының әрбір мүшесінің орны мен рөлін танып, бірлік пен сыйластықтың маңызын ұғынды.

📌Сынып сағаты барысында балалар жылы лебіздерін білдіріп, өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы құндылықтарын насихаттайтын өлеңдер оқыды. Маржан апай оқушыларға отбасы – адамның ең алғашқы мектебі, сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы екенін ұғындырып, тәрбиелік мәні зор өнегелі әңгімелермен бөлісті.

📚Бұл іс-шара оқушылардың бойына отбасына деген құрметті, ата-анаға деген ізетті, бауырмалдық пен сыйластық қасиеттерін сіңіруге ықпал етті.