П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Официальный интернет-ресурс

Ана – өмір шуағы

🌸 Ана – өмір шуағы 🌸

П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде оқушылардың қатысуымен ауылымыздың ақ жаулықты әжелерін құттықтау шарасы өтті. Іс-шара ұйымдастырушы педагог С.Сыздықбеков пен кітапханашы А.Әмірбектің ұйымдастыруымен өткізілді.

Шара барысында оқушылар әжелерге арнап жүрекжарды тілектерін айтып, мерекелік құттықтауларын жеткізді.

🎯 Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойына үлкенге құрмет, кішіге ізет қасиеттерін дарыту, аналар мен әжелерге деген сыйластықты арттыру, ұлттық тәрбиені насихаттау.

🌷 Ардақты әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбастарына амандық пен береке тілейміз! Мерекелеріңіз құтты болсын! 🌷