14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күні
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің әлеуметтік педагогы С.Жакупованың ұйымдастыруымен үйден оқитын оқушымызға 14 ақпан - Халықаралық кітап сыйлау күніне орай сыныптас достары кітап сыйлады.
Бұл - тек сыйлық емес, бұл - қолдау, қамқорлық және достық белгісі. Сыныптастары оның әрдайым қасында екенін білдіріп, білім жолында бірге екенін көрсетті.
Кітап - жаңа үміт пен шабыт сыйлап, армандарына жетелесін деп тілейміз.





