П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесіне орай, 5-9 сынып оқушыларымен ұлттар киім үлгісінен шеру өткізілді
Әр ұлтты ерекшелендіретін – дәстүрлі құндылықтары. Адамның жеке қолтаңбасы болатыны секілді, әр ұлттың қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы бар.
Шеру әр ұлттың бірегей киім үлгілерін көрсету арқылы олардың тарихы, дәстүрлері мен әлемдік мәдениетке қосқан үлесі туралы түсінік береді. Бұл шәкірттеріміздің әр алуандылықты бағалауға және құрметтеуге ықпал етеді.