Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ұлы Жеңістің - 80 жылдығына арналған «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран» атты біріңғай тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты – жас ұрпаққа Ұлы Отан соғысының тарихи маңызын терең танытып, ерлік пен батырлықтың мәңгілік үлгісіне айналған қаһармандарымыздың өмір жолын насихаттау.
Оқушылар ержүрек батырлардың рухына тағзым етіп, Отанды сүюдің, қорғаудың қасиетті борыш екенін жүректерімен ұғынды.
Уақыт алға жылжығанмен, жауынгерлердің жанқияр ерлігі ел жадынан ешқашан өшпек емес. Олардың есімдері – тарихтың мәңгілік парақтарында, жүрегіміздің төрінде!
Батырлар – мәңгілік!
Жеңіс – ұрпаққа аманат!