Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес, бастауыш сынып жетекшісі Шамшатова Маржан апай оқушыларға отбасының құндылықтарын дәріптеу мақсатында "Отбасы – алтын бесік" атты тағылымды сынып сағатын өткізді. Іс-шара барысында оқушылар отбасының әрбір мүшесінің орны мен рөлін танып, бірлік пен сыйластықтың маңызын ұғынды.
Сынып сағаты барысында балалар жылы лебіздерін білдіріп, өз отбасылары туралы әңгімелеп, отбасы құндылықтарын насихаттайтын өлеңдер оқыды. Маржан апай оқушыларға отбасы – адамның ең алғашқы мектебі, сүйіспеншілік пен мейірімнің бастауы екенін ұғындырып, тәрбиелік мәні зор өнегелі әңгімелермен бөлісті.
Бұл іс-шара оқушылардың бойына отбасына деген құрметті, ата-анаға деген ізетті, бауырмалдық пен сыйластық қасиеттерін сіңіруге ықпал етті.