П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ

🔰Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде "Қауіпсіз балалық шақ" тақырыбында 5-9 сынып оқушыларымен Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Бахадур Еркебұлан, Отырар АПБ кадр жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Нұрбеков Асхат, Отырар АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция подполковнигі Меңлібаев Талғат Базарханұлы және мектеп инспекторы Д.Ерденова кездесу өткізді.

📂Жиында жасөспірімдер арасында өзекті мәселелер кеңінен талқыланды:

📌лудомания (құмар ойынға әуестік),

📌нашақорлық,

📌ерте жүктіліктің алдын алу,

📌буллинг,

📌Жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіздік ережелері, алаяқтардан сақтану интернет алаяқтықтың алдын алу.

📚Оқушыларға зиянды әдеттердің салдары, құқықтық жауапкершілік, алаяқтардан сақтану жолдары және дұрыс таңдау жасаудың маңызы түсіндірілді.

Кездесу салауатты өмір салтын ұстану, құқықтық сауаттылықты арттыру және болашағына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеуді мақсат етті.