П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

🔷МАМАНДЫҚ ТАҢДАУ МЕКТЕПТЕН БАСТАЛАДЫ🔷

📚Апта дәйексөзі: Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға!

🖊️Абай Құнанбайұлы

🔰П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында 5-сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар беру педагогы Пернебаева Айсұлу мазмұнды іс-шара өткізді.

📌Іс-шара барысында оқушыларға мамандықтардың әртүрлі бағыттары таныстырылып, олардың қоғамдағы орны мен маңызы түсіндірілді. Балалар өз ойларын ортаға салып, «кім болғым келеді?» тақырыбында әңгіме өрбітті. Әр оқушы өз арман-мақсаты мен болашақтағы таңдауы жайында ой бөлісті.

📚Сонымен қатар, түрлі ойын түрлері мен сұрақ-жауаптар ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығы артты. Іс-шара оқушылардың қиялын дамытып қана қоймай, өз қабілеттерін танып, болашаққа сеніммен қадам жасауға ынталандырды.