П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

"ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ - 80 ЖЫЛ!"

🔰Бүгін П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушылары "Ұрпақтар сабақтастығы" және Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, М.Шойманов ауылының тұрғыны, ардагер ұстаз Масан Мейрамбек Әзімханұлының үйіне барып, сыр-сұқбат жүргізді.

📌Сұқбаттасу барысында Мейрамбек ағайымыз Ұлы Отан соғысына қатысқан әкесі Масанұлы Әзімханның өмірі, соғыста жасаған ерлігі мен еңбегін баяндады.

Бабаларымыздың батырлығы, халқымыздың қайсарлығы кейінгі ұрпаққа өшпес мұра, өнегелі үлгі болып қала береді.

✅️Жеңіс солдаты болған барлық аталарымыздың есімдері ерлік дастанына жазылып, ұрпағымыз әрдайым ардақ тұтатын болады.