П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде әр сейсенбі күні таңғы дене жаттығулары өткізу дәстүрге айналмақ. Бұл шара ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасы негізінде жүзеге асуда.
Жаттығу барысында:
– Дене қыздыру мен созылу жаттығулары орындалды
– Жағымды музыка ойнатылып, көңіл-күй көтерілді
– Оқушылардың белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше байқалды
Мұндай іс-шаралар салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, ұжымдық рухты арттыруға да септігін тигізеді.