8-НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТӘРБИЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ ![]()
П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 8-наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында бастауыш сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен, ата-аналардың қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – аналар мен әжелерге құрмет көрсету, олардың еңбегін бағалау және оқушылардың бойына ізгілік пен сыйластық қасиеттерін қалыптастыру.
Мерекелік кеш барысында оқушылар ән айтып, би билеп, аналарға арналған жүрекжарды өлеңдерін оқыды.
Сонымен қатар, ата-аналар мен балалар бірлескен ойындар мен қызықты тапсырмаларға қатысып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Бұл іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, барша қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
Мереке соңында аналарға жылы лебіздер айтылып, мерекелік құттықтаулар жолданды.





