П.Айтменов атындағы негізгі орта мектеп
Ресми интернет-ресурс

⚖️ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: «Нашақорлық, буллинг, лудомания, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»🏫

⚖️ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП: «Нашақорлық, буллинг, лудомания, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу»🏫 П.Айтменов атындағы негізгі орта мектебінде 2025–2026 оқу жылы аясында «Нашақорлық, буллинг, лудомания, құқық бұзушылық пен зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбында 7-9 сынып оқушылары арасында 2026 жылдың 9 ақпан күні сағат 10:00-де жиналыс өтті.🔷Жиналысқа Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-ның аға инспекторы, полиция подполковнигі Т.Меңлібаев, Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ инспекторы, полиция капитаны Д.Ерденова, мектеп директоры Ш.Усеева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Арапбай қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.📌 Күн тәртібіндегі мәселелер:
1️⃣ Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқық бұзушылық, нашақорлық, лудомания мен буллингтің (зорлық-зомбылықтың) алдын алу шаралары;
2️⃣ Құқық бұзушылық профилактикасы бойынша атқарылған жұмыстар туралы;
3️⃣ Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны, интернет қауіпсіздігі жөнінде ақпарат беру.
Жиын барысында оқушыларға заң талаптарын сақтау, жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, зиянды әдеттерден аулақ болу және интернет кеңістігінде жауапкершілікпен әрекет ету жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.✅ Мұндай кездесулердің мақсаты — жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз орта қалыптастыру және саналы азамат тәрбиелеуге ықпал ету.